Жамбыл облысында 202 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

9 Наурыз 2023, 09:12 1008
Бұл алқап бұған дейін 449 адамның иелігінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
"Хабар 24" арнасынының мәліметінше, Облыстық прокуратураның араласуынан соң жер сотқа жетпей қайтарылды. Соның арқасында жайылымның жетіспеушілігі ішінара шешіле бастады. Мәселен былтыр ауыл тұрғындарына 700 мың гектарға жуық мал жаятын аумақ қажет болған. Биыл бұл көрсеткіш 3 есе төмендеді. Мұның бәрі "Сенім маршруты" іс-шарасы аясында қолға алынды.
 
Жобаға сай облыс әкімі мен прокуроры аудандарды аралап халықпен кездесу өткізіп жүр. Мақсат – шалғайдағы тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешу. Сондай басқосулардың бірінде суды 3 есе қымбат бағаға алып отырған диқандардың мәселесі көтерілді. Зерделей келе жеке меншікке өтіп кеткен канал иесінің су бағасын негізсіз қымбаттатқаны белгілі болды.
 
"Прокурорлардың актілері бойынша сот шешімімен Жамбыл Байзақ және де Тараз қаласында қызмет көрсететін ұзындығы 45 шақырымды құрайтын гидро құрылыс пен су құбыры желілері мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ ҚазСуШар мекемесіне делдалдық ұйымдар арқылы суармалы суды өткізу фактілері бойынша қадағалау актілері енгізілді. Яғни қызметтерді шаруаларға 3 есе арзанға сатып алуға мүмкіндік береді", - дейді облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы.
EL.KZ
Бөлісу: