Жамбыл облысында 180 үй жарықсыз қалды

11 Шілде, 16:33 892

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ақбұлым ауылында КС-5 қосалқы трансформатор станциясының шатыры өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрттің жалпы аумағы  240 шаршы метрді қамтиды.

Өрт салдарынан ауылдағы 180 абонент, оның ішінде біреуі әлеуметтік нысан электр жарығынсыз қалды. Сағат 10.45-те тұтанған өрт сағат 11.43-те ауыздықталып, 12.45-те электр энергиясы қайта берілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өртті жоюға барлығы 28 өрт қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды, – делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан релизде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: