Жамбыл облысында 13 жасар қызды алты жыл бойы екі ағасы зорлап келген

17 Қазан, 13:03 3169

Жамбыл облысында 13 жасар қызды алты жылдан бері туыс екі ағасы зорлап келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.

Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді. Қажетті көмектің барлығы көрсетілуде. Облыс әкімінің орынбасарының төралығымен өткізілген көшпелі комессия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шаралар қабылданды. Қыз оқыған мектеп — ауылдағы жалғыз мектеп. Бала психолог жинаған сауалнамада сигнал берген, бірақ онымен қажетті жұмыс жүргізілмеді, - деп жазды уәкіл.

Сонымен қатар, ол лауазымды тұлғалардың немқұрайлығы үшін прокуратураға жүгінген.

Бұған дейін Ақтөбе облысында 14 жастағы қызды екі туыс ағасы жылдар бойы зорлап келгенін жазған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: