Жамбыл облысы: Құрбан айттың бірінші күні 23 495 отбасына ет үлестірілді

29 Маусым 2023, 17:39 984

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні исі мұсылман жамағат құрбан малдарын шалып, Тараз қаласы мешіттеріне қарасты 2 қасапханада және аудан қасапханаларында тынбай жұмыс жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасапханаларды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған имамдар бақылауда ұстап, құрбандыққа шалынған малдың етін көмек алуға тіркелген отбасыларға таратып беруде.

Айта кетейік, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тіркеу qurban2023.kz сайты бойынша жүргізілген болатын. Нәтижесінде бір күн ішінде Жамбыл облысы бойынша 23 495 отбасы еттей көмек алып үлгерді.

Ет ерікті жастардың көмегімен мұқтаж жандардың мекенжайларына жеткізіліп берілді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: