Жамбыл облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

27 Желтоқсан 2022, 20:13 1882

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мейірхан Өмірбек Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өмірбек Мейірхан Азатұлы 1969 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында туған.

1992 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университетін «тарих және қоғамтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Меркі ауданындағы «Большевик» колхозында жұмысшы болып бастаған.

1989-2001 жылдары Меркі ауданы Ақтоған ауылындағы №4 орта мектебінің тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, директоры,

2001-2007 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі,

2007-2010 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы,

2010-2012 жылдары Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округінің әкімі,

2012-2014 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы,

2014-2016 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылғы маусымнан бастап 2021 жылғы наурыз аралығында Меркі ауданының әкімі лауазымында еңбек еткен.

EL.KZ
Бөлісу: