Жамбы атудан алғашқы медальді Франция еншіледі

9 Қыркүйек, 01:35 640

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде спортшылар жамбы ату спортының мажар стилі бойынша жүлдеге таласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбы атуға 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысты. Олар 11 топқа бөлініп, үздіктер іріктеліп шықты.

Қазақстан ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестікке ілікті.

Мажар стилінің ерекшелігі — спортшы атпен жылдамырақ шауып, нысанаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. Қазақстан дирекциясы барлық спортшыны атпен қамтамасыз етті. Тоқсанға жуық атты дайындадық. Көшпенділер ойындарына ұлттық құрама спортшылары үш ай дайындалды. Жыл басынан бері төрт оқу-жаттығу жинын өткіздік. Әр спортшыға жеке тактика әзірледік, - деді Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков бақ сынады. Спортшыларымыз бұған дейін Әлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленген.

Спортшыларымыз алдағы үш күнде 3 стиль (азия, түрік, қазақ) бойынша жүлдеге таласатын болады.

Зарина Арман
Бөлісу: