Жамбы ату: үш бірдей спортшымыз жеңіс тұғырында

9 Қыркүйек, 17:43 272

 Жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшылар 11 топқа бөлініп, өз тобынан мықтылар келесі айналымға шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Батыр Бексауыт алтын жүлдеге ие болды.

Алтын медальды Батыр Бексауыт жеңіп алса, күміс медальді Айтбек Сарыбай еншіледі, қола жүлдені Ералхан Айкөз иеленді. Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы тіркелген.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: