Жамбыл  облысының жеңімпаздары

19 Тамыз 2019, 16:54 16309

Жамбыл облысы: Жансақаловтар әулеті

Отағасы – Ильяс Жансақалов

1974 жылдың 27 қыркүйегінде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Абай орта мектебін аяқтап, Қаратау тау-кен құрылыс техникумының «Құрылысшы технолог» мамандығына оқуға түседі. Содан 1993 жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, Абай орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып алғаш еңбек жолын бастайды. 2006 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Байзақ ауданында орналасқан Сарыкемер ауылындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қол күрес жаттықтырушысы болып қызмет етеді.  

Отанасы – Роза Алтынбекқызы

1977 жылдың 15 сәуірінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы қазіргі Ерназар (бұрынғы Қызыл-октябрь) ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Қаратау тау-кен техникумында бухгалтер-экономист  факультетіне оқуға түскен. 2003 жылы Абай атындағы орта мектепке технология пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2016-2018 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша тәмамдап шыққан. Соңғы он алты жылдан бері Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында Абай атындағы орта мектепте ұстаздық қызметті атқарып келеді.

Ұлы – Ақниет Ильясұлы

1995 жылы  дүниеге келген.  Алматы технологиялық университетін  «Құрастырушы-технолог» мамандығы бойынша 2017 жылы тәмамдаған. Осы жылы Ақниет қол күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын иеленді. Ал биыл  Алматыдағы  қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтады. Қазіргі кезде Жамбыл облысы әкімінің дене шынықтыру және спорт басқармасында қызмет етеді.

Ұлы – Әділет  Ильясұлы

1996 жылы дүниеге келген. Биыл Алматыдағы қазақ спорт және туризм академиясын «Жаттықтырушы және дене шынықтыру» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Қол күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері әрі еліміздің бес дүркін және  Азияның төрт дүркін чемпионы.

Ұлы – Әмір  Ильясұлы

2007 жылы дүниеге келген. Биыл алтыншы сыныпты бітірді.  Жастайынан қол күресі спортымен айналысқан. Он жасында Қазақстан Республикасы чемпионатында екінші орынды иеленіпті. Бүгінде спорт шеберіне үміткер өскенде болашағын осы саламен байланыстыруды мақсат етеді. 

Ұлы – Дамир Ильясұлы

2016 жылы дүниеге келген. 

Жамбыл  облысы: Әлілер әулеті

Отағасы – Бекқұлы Әліұлы

1944 жылы  Жамбыл облысы Луговой ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң теміржолда қызмет еткен. 1963-1966 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтейді. 1967-1985 жылдары Жаңатұрмыс орта мектебіде «Алғашқы әскери дайындық» пәні жетекшісі және «Дене шынықтыру» пәні мұғалімі болды. 1975 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Тарих факультетін сырттай оқып бітірген. 1985-1995 жылдар аралығында сол кездегі Каменка орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ал 1995-2009 жылдары тарих пәнінің мұғалімі болды. 2009 жылы зейнетке шыққан.

Отанасы –  Тұрсынкүл Жазықбайқызы

Жамбыл облысы қазіргі Талас ауданы Майтөбе ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Жамбыл медициналық училищесінің Луговойдағы бөліміне оқуға түседі. 1970-1985 жылдар аралығында Жаңатұрмыс ауылдық ауруханасында кезекші медбике қызметін атқарған.1985-1996 жылдар аралығында Каменка ауылындағы Жамбыл облыстық балалар туберкулез санаториясында аға-медбике қызметін атқарған.

Қызы – Райхан Бекқұлықызы

1968 жылы дүниеге келген. Жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Отбасында бір қыз тәрбиелеп отыр.

Қызы – Раушан Бекқұлықызы

1970 жылы дүниеге келген. Қазіргі кезде Тараз Мемлекеттік университетінде ұстаздық қызметті атқарады. Отбасында екі қыз бен бір ұл және екі немересі бар.

Қызы – Нағима Бекқұлықызы

1971 жылы дүниеге келген.  Балалар фельдшері болып қызмет етеді. Екі қыз бен үш ұлы бар. Олардан  екі немере сүйіп отыр.

Ұлы – Сәбит Бекқұлыұлы

1973 жылы дүниеге келген. Жер кадастры маманы. Үш қыз бен екі ұл тәрбиелеп отыр.

Ұлы – Мұхит  Бекқұлыұлы

1973 жылы дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов аудан әкімдігінде «Ауыл шаруашылық бөлімінде» бас маман болып қызмет етеді. Балжан есімді жұбайы мектепте бастауыш сынып мұғалім. Отбасында бір қыз бен  екі ұлға тәлім-тәрбие беріп отыр.

Ұлы – Жеңіс  Бекқұлыұлы

1975 жылы дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов аудан әкімдігінің аппаратында бас инспектор. Жұбайы балалар бақшасында есепші болып жұмыс істейді.  Екі ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр.

Ұлы – Мәжит  Бекқұлыұлы

1978 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді маман. Алматыдағы Ресей жанармай мекемесінде бас менеджер болып қызмет етсе, жұбайы  бала-бақшада тәрбиеші. Отбасында 2 қыз бен 2 ұл өсіріп отыр.

Ұлы – Мәлс  Бекқұлыұлы

1984 жылы дүниеге келген. Әулеттің шаруа қожалығының жетекшісі. Жұбайы Тұрар Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі полициясының майоры. Отбасында екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.   

Бөлісу: