Жалпыұлттық аза тұту күні БАҚ қалай жұмыс істейді?

11 Маусым 2023, 22:33 1206

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 12 маусым – жалпыұлттық аза тұту күніне ұсынымдар әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ведомство бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату операторлары қызметінің регламенті, ақпараттық интернет-ресурстарды ресімдеу бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми сайттарының жалпыұлттық аза тұту күніне ұсынымдар ұсынды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аза тұту мерзімі ішінде барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардағы туларды ту бағанының биіктігінің жартысына дейін түсіру қажет. Бүкіл ел бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады. Жалпыұлттық аза тұту күні БАҚ қызметіне және олардың интернет-ресурстарын рәсімдеуге байланысты бірқатар шараларды сақтауды қамтамасыз ету ұсынылады, - делінген ведомство хабарламасында. 

Құжатпен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: