«Жалғыздық құдайға ғана жарасқан». Сиви Махмуди тағы да күйеуге тигісі келетінін айтты

10 Қаңтар, 16:31 2637

Күйеуімен ажырасып кеткен Сиви Махмуди «Қызықты weekend» бағдарламасында тағы да тұрмысқа шыққысы келетінін жеткізді,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол сұхбат барысында үлкен ұлы тұрмысқа шығуын қолдайтынын жеткізді.

Мені уайымдайды. «Мама, отырып қалма. Тұрмысқа шық» дейді. Тағы бір ұлым мен бір қызым болса деймін. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Жүрсең, жүре бересің. Ажырасқаныма да үш жыл болып қалды. Біздің айтқанымыз келе бермейді, Алланың қолында. Әзірге, өзімді сеніп тапсыра алатын ер-азаматты кездестірмедім. Кездестірсем, міндетті түрде тұрмысқа шығамын. Өзіме тағдырлас, ажырасқан жігітке тұрмысқа шыққым келеді, - деді Сиви Махмуди.

Айта кетейік, Сиви Махмуди он екі жыл отасқан күйеуімен ажырысып кеткен еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: