Абай облысы полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тәртіп сақшылары көлікті «Қорғау» бейнебақылау жүйесі арқылы тіркеген. Анықталғандай Lexus маркалы автокөлікке бұл көлікке тіркелмеген мемлекеттік нөмір тағылған. Тексеру барысында 39 жастағы автокөлік иесінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік айыппұл алып, оларды өтемегені белгілі болды.
Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылып, жалған нөмір тәркіленді.