Жалған медициналық анықтамаларды сатумен айналысқан тұрғын ұсталды

25 Шілде, 14:22 420

Ақмола облысының тұрғыны медициналық анықтамаларды қолдан жасап, оларды сатумен айналысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Степногорск қаласы прокуратурасы жұмысқа тұру үшін немесе жүргізуші куәлігін алу кезінде пайдаланылған медициналық тексеруден өту туралы анықтамаларды қолдан жасау фактілерін анықтады.

Тұрғындар алдын ала келісілген ақыға «Ш.» есімді азаматтан іс жүзінде медицина мамандарының нақты тексеруінсіз медициналық тексеруден өткені жөнінде жалған анықтамалар сатып алғаны анықталды. Тексеру нәтижесінде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: