Жалған диплом, несие дерті және өтірік статистика: Психологтарды тексеру кімге тиімді?

05.06.2026 08:52

Елімізде психологтар қызметін заңмен реттеу және лицензиялау мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ұсынылған заң жобасы сала мамандарын қолдауға бағытталған ба, әлде бұл психологтарды қыспаққа алу мен сыбайлас жемқорлыққа жол ашудың жаңа тетігі ме? Депутаттар назарына ұсынылған заңның шикі тұстары қандай? Белгілі психолог Ержан Мырзабаевпен өткен сұхбатта Түркістан облысы психологтарының 60 пайызы сырттай оқығаны туралы дерек, балалар арасындағы суицидтің басым бөлігі үйде болатыны және психологтардан зардап шеккендер туралы ресми статистиканың жоқтығы сөз болады.