Жалған ақшаны қалай анықтауға болады?

14 Қараша 2022, 16:00 2013

Қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленді

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 739 650 теңгеге парапар қолдан жасалған 250 ақша белгісін (247 банкнота мен 3 монета) анықтады. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55%-ға аз. Бұл туралы ҚҰБ банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиев айтты, деп хабарлайды El.kz

Биыл номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан көп жасалды – 161 дана, бұл – жалпы санның 64%-ы. Одан кейінгі орындарда номиналы 10 000 теңгелік – 27 дана (11%), 5 000 теңгелік – 24 дана (9%) жалған банкноталар тұр, қалған 16%-ы – басқа номиналдарға тиесілі.

Қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленді – 126 дана (50%), Шығыс Қазақстан облысында – 59, Астанада – 22 дана.

Қазақстанда жалған банкноталар көп жағдайда компьютерлік техника мен кәдімгі офсеттік қағазда түрлі түсті принтердің көмегімен жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар көрнекі қорғаныш элементтерін түпнұсқаға мейілінше ұқсатуға тырысады.

Ұлттық банк қолдан жасалған ақшаны ажыратуға көмектесетін қарапайым қағидаларды еске салады.

EL.KZ
Бөлісу: