Жағымсыз әдеттерден арылу және жұмыста табысты болу – бұл бір-бірімен тығыз байланысты екі маңызды дүние. Әрбір жетістік пен өзгеріс өзін-өзі басқарудан басталады. Егер сіз өміріңізде жағымсыз әдеттерден арылсаңыз, бұл тек жеке дамуыңызға емес, жұмысыңызда да үлкен жетістіктерге жетуге жол ашады. Бұл жолда дұрыс бағыт пен тұрақтылық қажет, бірақ нәтижесінде тек кәсіби табыстар мен өмір сапасының артуы күтіп тұрады. Осы ретте El.kz тілшісі психолог маман Эльвира Шоңғалова мен сұхбаттасқан еді.
El.kz: Қандай жағымсыз әдеттер болуы мүмкін және оны өзгерту үшін қандай қадамдар жасау керек?
Эльвира Шоңғалова: Жағымсыз әрекеттер дегеніміз – бұл адамның өзіне немесе айналасындағыларға зиян тигізетін мінез-құлық түрлері. Олардың түрлері өте көп, мысалы: Денсаулыққа зиян келтіретін тәуелділіктерге бой алдыру, яғни темекі шегу, ішімдік ішу немесе есірткі қолдану;
Прокрастинация – маңызды істерді кейінге қалдырып, соңғы сәтке дейін күтуді әдетке айналдыру;
Әлеуметтік желілерге тәуелділік, қажетсіз істерге көп уақыт бөлу;
Шектен тыс сын айту – өзін немесе басқаларды үнемі қатты сынға алу, кемшіліктерді ғана көру.
Бұдан өзге темекі шегу мен ішімдік ішуді тоқтатқан кезде қандай нәтижеге жетесіз, соны елестету маңызды. Жалпы миға соңғы нәтиже, яғни В нүктесі айқын болғанда сол әдеттерден арылу оңай болады. Мәселен темекі шегу мен ішімдік ішуді тоқтатқан кезде денсаулығыңыз жақсарады, жөтелден, темекіден болатын жағымсыз иістен құтыласыз, темекі мен ішімдікке жұмсайтын қаржыңызды үнемдейсіз деген секілді дұрыс жақтарына көңіл бөлу маңызды.
Сурет: Эльвира Шоңғалованың жеке мұрағатынан
Сондай-ақ осы жағымсыз әдеттерді пайдалы әдеттермен алмастыру. Яғни, темекі немесе ішімдікке деген әдеттің орнына пайдалы әрекеттерді енгізу. Мысалы, спортпен айналысу үшін спорттық залға жазылу, таза ауада серуендеу немесе тауға шығу деген сияқты әдеттер қалыптастыру керек.
El.kz: Әдеттерді өзгерту үшін ең тиімді әдіс не? (мысалы, мақсат қою, жоспар құру, немесе кішкентай қадамдармен бастау)
Эльвира Шоңғалова: Прокрастинация – кейінге қалдырудың нақты себептерін анықтау. Бұл қорқыныш, сенімсіздік, немесе шаршау болуы мүмкін. Көбіне перфекционизм кейінге қалдыруға итермелейді. Перфекционист адам идеалдылыққа ұмтылады, соған жету үшін көп ресурс жұмсайды, мінсіз жасауға ұмтылады немесе мүлдем жасамай қояды. Сол үшін кіші қадамдардан бастау, бірақ тұрақты түрде әрекет жасау қажет. Жұмысты кішкентай, қарапайым қадамдардан бастау прокрастинацияны жеңілдетіп, мотивация береді. Сонымен қатар, кішкене жеңістер үшін өзіңізді марапаттап отыру өте маңызды. Өйткені өзіңізді мақтау мотивацияңызды арттырады және жұмысты уақытында орындауға ынталандырады.
El.kz: Жағымсыз әдеттерді тоқтату үшін айналаңдағы адамдардың қолдауы қаншалықты маңызды?
Эльвира Шоңғалова: Әлеуметтік желілерге тәуелділіктен құтылу бірден бола қоймайды. Уақыт пен табандылық қажет, сондықтан өзіңізге шыдамдылық танытқаныңыз абзал.
Әлеуметтік желіге кететін уақытты пайдалы іс-шаралармен алмастырыңыз. Мысалы, спортпен шұғылдану, кітап оқу секілді пайдалы хоббилерге көңіл бөліңіз. Өзіңізге мониторинг жүргізу маңызды, яғни әлеуметтік желіде қанша уақыт өткізгеніңізді бақылаңыз. Әлеуметтік желілерден қысқа уақытқа демалыс алыңыз, ол сіздің тәуелділік деңгейіңізді азайтуға көмектеседі.
El.kz: Сіздің ойыңызша, қандай жағымсыз әдеттер жұмыстағы өнімділікті төмендетеді және олармен қалай күресу керек?
Эльвира Шоңғалова: Әр адамның кемшіліктері мен әлсіз жақтары бар екенін мойындаңыз. Мінсіздік тек аллаға тән. Өмірде қол жеткізген жетістіктеріңізге фокус қойыңыз. Бұл өзіңізді сынаудан гөрі, мақтануға тұрарлық сәттерді бағалауға көмектеседі.
Өз қателіктеріңізді кешіріп, өзіңізге түсіністікпен қарау, басқаларға көрсететін мейірімділік пен жанашырлықты өзіңізге де көрсету маңызды. Сондай-ақ, өзіңізді басқалармен салыстыруды тоқтатыңыз. Әр адамның даму жолы мен мүмкіндіктері әр түрлі.
El.kz: Жұмыста табысқа жету үшін сіздің пікіріңізше, ең маңызды қасиет қандай?
Эльвира Шоңғалова: Жұмыста алға жылжу үшін кәсіби және жеке дағдыларды үздіксіз жетілдіру маңызды. Мысалы, эмоционалдық интеллектті дамыту жұмыста табысқа жетуде маңызды рөл атқарады. Себебі ол қарым-қатынас жасау, түсіністік пен ынтымақтастықты күшейтеді. Эмоционалдық интеллекті жоғары адамдар өз сезімдерін жақсы түсініп, оларды басқара біледі. Бұл жұмыс барысында стресс пен қысымға ұшыраған кезде эмоцияларын тиімді басқаруға және шешім қабылдауға көмектеседі, тиімді коммуникация және келіссөз жүргізу дағдыларын меңгеруге ықпал етеді. Эмоционалдық интеллекті жоғары адам әріптестерімен оңай тіл табысып, кикілжіңдерді бейбіт шешуге тырысады.
El.kz: Сіздің ойыңызша, табысқа жетудің құпиясы?
Эльвира Шоңғалова: Табысты болудың тағы бір қадамы – ниетті дұрыстау. Мансапты ойлаудан гөрі адамдарға пайдалы болуды мақсат етіп қою, жасаған істен мән таба білу. Әрбір істі бұл менің миссиям деп сүйіспеншілікпен жасағанда шаршау сезімі де болмайды.
Сонымен қатар, процеске ғана емес, нәтижеге де көңіл бөлу маңызды. Бұл тапсырманы сапалы жасауға септігін тигізеді.
Мақсат қою және жоспарлау – табысты болудың кілті. Алдымен нақты мақсаттар қойып, оларды орындау жоспарын құру. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарды айқындау жұмысқа бағыт береді әрі уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі.
Жұмыс барысында өзгерістерге бейімделу (гибкость) аса маңызды. Қиындықтарды игеріп, жаңа жағдайларға икемделе білу, тез үйрену адамның құндылығын арттырады.
Сонымен жағымсыз әдеттерден арылу – өзіңіздің мінез-құлқыңызда жағымсыз өзгерістер жасау үшін қажетті күш-жігер мен табандылықты талап ететін процесс. Әдеттер адамның күнделікті өмірінің маңызды бөлігі болғандықтан, оларды өзгерту оңай емес, бірақ дұрыс тәсілмен бұл мүмкін. Жағымсыз әдеттерден арылу үшін қолдануға болатын бірнеше стратегия:
Жағымсыз әдеттерден арылудың бірінші қадамы – олардың себебін анықтау. Қандай жағдайда сол әдет пайда болады? Мысалы, стресс, іші пысу немесе эмоциялық тұрақсыздық сияқты факторлар әдетті қалыптастыруға себеп болуы мүмкін. Әдеттің түп-тамырын түсіну, оған қарсы тұрудың алғашқы қадамы болып табылады.
Әдетті бірден толықтай өзгерту қиын болуы мүмкін. Сондықтан, әдетті өзгерту үшін шағын мақсаттар қойып, оларды кезең-кезеңмен орындау қажет. Мысалы, темекі шегуді тоқтату үшін бірден тоқтамау, бірақ күн сайын бір шылымды азайту сияқты қадамдар жасау тиімді.
Жағымсыз әдетті өзгерту үшін жаңа және пайдалы әдеттерді қалыптастыру қажет. Мысалы, кешке көп уақыт телефоныңызды қолдану орнына кітап оқу немесе медитация жасау әдетін енгізу. Жаңа әдетті қалыптастыру үшін бірнеше апта қажет болуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе жаңа әдет орнығып, жағымсыз әдеттің орнын басады.
Әдеттерді өзгерту оңай емес, сондықтан жақындарыңыздан немесе достарыңыздан қолдау сұрау маңызды. Олар сізге мотивация беріп, процессті жеңілдетуі мүмкін. Сонымен қатар, өзгеріс туралы біреуге айту өзіңізді жауапты сезінуге және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.
Әдетті өзгерту барысында өзіңізді бақылап отыру өте маңызды. Әр апта сайын жетістіктеріңізді бағалап, прогресіңізді тексеріп отырыңыз. Бұл мотивацияңызды арттырып, нені жақсарту керектігін түсінуге көмектеседі.
Жағымсыз әдеттерден арылу үшін өзіңізге жауапкершілік алуыңыз керек. Өзгеріс үшін сыртқы жағдайлардан немесе адамдардан емес, өз күш-жігеріңізден күтетін нәтиже алу қажет екенін ұмытпаңыз. Егер өзіңізді әдеттеріңізге жауапты сезінсеңіз, олардан арылу әлдеқайда оңай болады.
Әдеттен арылу барысында әртүрлі қиындықтар мен кедергілер кездеседі. Өзіңізді сабырлы болуға, қиындықтарға қарсы тұруға және кішкене сәтсіздіктерді жеңу жолдарын табуға үйретіңіз. Әрбір қателік – бұл жаңа мүмкіндік, ол әдетті толықтай өзгертуге жақындай түседі.
Әдеттерді өзгерту үшін уақыт пен тұрақтылық қажет. Бір күнде немесе бір аптада барлығы өзгермейді. Тұрақты түрде жұмыс істеп, әдеттеріңізді біртіндеп жақсартыңыз.
Жағымсыз әдеттерден арылу – ұзақ процесс, бірақ оның нәтижелері өміріңізді сапалы түрде жақсарта алады. Өзгерістерге ашық болыңыз, өзгеру жолында әр қадамыңызды бағалаңыз және әрбір кішкентай жетістікті атап өтіңіз.
Әрқайсымыз үшін жағымсыз әдеттер мен кәсіби жетістік әртүрлі болуы мүмкін, бірақ жоғарыда аталған әдістер өміріңізді жақсартуға және жұмыста табысты болуға көмектеседі.
Ал табысқа жетудің құпиясы көптеген факторларға байланысты, бірақ негізінде бұл тұрақты күш-жігер, дұрыс көзқарас және дұрыс стратегияны талап ететін ұзақ мерзімді процесс. Табысқа жету үшін бірнеше негізгі қағидаларды ескеру қажет:
Табысқа жетудің ең басты құпиясы – нақты мақсаттар қою. Мақсат сіздің бағытыңызды анықтайды және сізді жігерлендіреді. Мақсаттарыңызды анықтап, оларды нақты, өлшенетін, қол жеткізуге болатын және уақыт шеңбері бар етіп қою керек.
Сондай-ақ табысқа жетудің негізгі факторларының бірі – жұмысқа деген тәртіптілік. Қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, табысқа жету үшін күнделікті күш салу қажет. Әрбір кішкентай қадам сізді үлкен мақсатқа жақындатады.
Бұдан өзге үнемі өзін-өзі дамыту мен білім алу маңызды. Жаңа дағдыларды меңгеру, өз салаңыздағы жаңалықтар мен өзгерістерді бақылау, әрқашан білімді және білікті болуға ұмтылу – табыстың негізі. Бұл сізді бәсекелестерден ерекшелендіреді және нарықта сұранысқа ие етеді.
Табысқа жетудің соңғы құпиясы – өзіңе сену. Егер сіз өз күшіңізге сенбесеңіз, ешқашан табысқа жете алмайсыз. Өз мүмкіндіктеріңізді бағалап, үнемі жаңа биіктерге жетуге ұмтылыңыз. Табандылық, уақыт пен күш салуды талап етеді, бірақ нәтиже сіздің ерік-жігеріңізге тікелей байланысты.
Сондай-ақ тағы бір құпиясы – бұл тек қана дұрыс стратегиялар мен дағдыларды меңгеру ғана емес, сонымен бірге психологиялық тұрақтылық пен өз-өзіңізге сенімді болу. Бұл жолда маңыздысы – сәтсіздіктерге қарамастан алға ұмтылу, үйрену және өсу. Әрбір қадам сізді табысқа жақындатады.