"Жағдайым күрт нашарлап кетті". Әли Оқапов денсаулығының сыр бергенін айтты

22 Желтоқсан 2023, 16:48 4649

Елге танымал әнші Али Оқапов денсаулығының сыр  беріп жүргенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол Instagram парақшасына  дәрігерлер тағайындаған дәрілерді әрең тапқанын мәлімдеді.

Иммунитетім әлсірегеннен, сырқаттанып қалдым. Бірақ дәл қазір ауыратын уақыт емес еді. Үш дәріханаға барып, дәрігер тағайындаған дәрілерді таптым. Бәрі жүйкемнің сыр беруінен бастады. «Қазан айынының оқиғасынан» кейін тәуір бола алмай жүрмін. Сол кезде өзімді тастап жібергенде отбасым мені Таиландқа алып кетті. Ол жақта өзіммен жұмыс істедім. Бірақ бірінші күні ұшқанда өзімді жаман сезіндім. Жағдайым күрт нашарлап кетті, – дейді өнер иесі. 

Айта кетейік, Али Оқапов «Құрмет» орденімен марапатталған еді, бірақ халық арасындағы шудан кейін барлық марапаттарынан бас тартты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: