"Жағдай күрделі": Қанат Бозымбаев су тасқынына қатысты ахуалды баяндады

7 Сәуір, 19:40 653

Премьер-министрдің орынбасары, су тасқыны жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте су тасқынына қатысты елдегі қазіргі жағдайды баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спикердің мәліметінше, елімізде су тасқынына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 6 өңірде 3698 жекеменшік үй су астында қалды. Автожолдардың 155 учаскесінде су шайылған. Су шайған 88 учаске бақылауға алынды. Оның 4-і – көпір. 58 елді мекенге көлік қатынасы жоқ. Оларға азық - түлік пен дәрі - дәрмек жеткізіліп жатыр.

10 өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарында 17 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. 1900-ден астам теxника, 500-ге жуығы сору теxникасы мен жүзу құралдары. Төтенше жағдай аймақтарынан 70 мыңнан астам адам көшірілді. Оның 17 мыңға жуығы – балалар. Ауа райы болжамы бойынша таяу арада күн жылы болады. Қардың  жылдам еруі және су айдындарының толуы жалғасатын болады. Бүгінгі күні қар жатқан жерлер жалпы еліміз бойынша 15%, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 40%-ға жуық болып жатыр»,-деді Премьер-министрдің орынбасары.

Перизат Саденова
Бөлісу: