28.09.2023
13:18
1233
Жағажай волейболынан қоржынымызға қола жүлде түсті

Жағажай волейболынан қоржынымызға қола жүлде түсті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Қазақстан үшінші орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ел намысын қорғаған Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы қола жүлде үшін тартысты ойында Иран спортшылары Алиреза Агажанигасаб/Аббас Поурасгариден басым түсті. Мәселе екі партияда шешілді. Қорытынды есеп - 2:0 (25:23, 30:28).

Қазіргі кезде Қазақстанда үш алтын, үш күміс 14 қола медаль бар. Жалпы командалық есепте 9-орындамыз.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ