«Жаңғыру жолы» қозғалысының облыстық штабы ашылды

17 Сәуір 2018, 03:39 1521

17 сәуірде Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы облыстық штабының отырысы өтті.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жастар қанаты, Қарағанды облысы ҚХА жастарының Үйлестіруші Кеңесінің, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы облыстық штабының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде Қарағанды облысы ҚХА жастарының Үйлестіруші Кеңесінің жұмысы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы облыстық штабының құрамы және 2018 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

«Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының негізгі мақсаты – Президенттің – Ассамблея Төрағасының саясатын, ҚХА-ның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қызметін қолдау үшін жастарды шоғырландыру болып табылады.

Алқалы басқосуды ашқан Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын, 2018 жылдың наурыз айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» атты республикалық жастар қозғалысы құрылғанына тоқталып өтті. Өз сөзінде ол: «Біздің міндетіміз – Еліміздің ауқымды және кешенді жаңғыру процесіне жастарды барынша тарту», - деген өзекжарды пікірін білдірді.

Сонымен қатар, сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы облыстық штабының басшысы Александр Урмашов:

«Қазір біздің алдымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық штабын құру міндеті тұр. Аталған облыстық штабтың 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы дайындалды», - деп атап өтті.

Келелі кездесуде бірталай ұсыныстар айтылды, олардың ішінде - жастар ұйымдарымен  бірлесе жұмыс жасау, жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында өндірістік кәсіпорындарында іс-шаралар өткізу, тұрақты түрде  БАҚ жариялау сияқты өз ойларын ортаға салды.

Бөлісу: