Жаңадан құрылған облыстардың сот төрағаларын тағайындау мәселесі талқыланды

18 Тамыз 2022, 02:57 1070

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе зейнеткерлік жасқа толған кейбір судьялардың қызметте болу мерзімін ұзарту болды.

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, жаңа облыстарда соттардың құрылуына байланысты кеңес мүшелері Абай және Жетісу облыстарының сот төрағаларын тағайындау мәселесін қаралды, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұдан басқа, Кеңес республика соттарының бірқатар судьяларын атқаратын қызметтерінен босатуға келісім берді. Босатудың негізі отставкаға кету, өз қалауы, зейнеткерлік жасқа жету, басқа судья лауазымына тағайындау және басқа жұмысқа ауысу болды.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе зейнеткерлік жасқа толған кейбір судьялардың қызметте болу мерзімін ұзарту болды.

Сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі мен конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.

EL.KZ
Бөлісу: