Жаңа жылда телеарналардан не көре аласыз?

21 Желтоқсан 2015, 12:43

El.kz редакциясы назарларыңызға мерекелік ғажайып кештердің түсірілім үзінділерін ұсынады

Міне жаңа жыл да жақындап қалды. Телеарналар мерекелік түсірілімдерін бастап кетті. Әдемі әуендер, қызықты әзілдер, ертегілер әлеміне саяхат - осының барлығын біз жаңа жыл түні тамашалай аламыз. Ал қазір El.kz редакциясы назарларыңызға жұлдыздардың әлеуметтік желілерге салған түсірілім үзінділерін ұсынамыз. 

«Қазақстан» Ұлттық арнасы көш бастап, еліміздің өнерпаздарын бір сахнада тоғыстырып, көрермендерге ғажап кеш сыйлағалы отыр.

Сонымен қатар, Ұлттық арнада жұлдыздардың қатысуымен жаңа жылға шағын кино да түсірілуде.

Телекөрермендер дәстүрлі түрде Қазақстан эстрадасының әншілерінің қатысуымен мерекелік концерт те көре алады.

"Хабар" агенттігі бұл жылы көрермендерінің назарына қызықты қойылымдар тізбегін дайындады. Эстрада әншілерін түрлі образдарға киіндіріп, мюзикл түсіруде.

Соған қоса, арнада жылдың үздік спорттық премиясы өтеді. Суретте көріп отырғаныңыздай Серік Сапиев, Ольга Рыпакова мен Серік Қонақбаев қадірлі қонақтар атанды.

Жаңа жылдық мюзикл де көрермен назарынан шығады деген үміттеміз.

Әйгілі продюсер Баян Есентаева мен Динара Сатжан "Астана" арнасындағы жаңа жылдық кештің жүргізушілері. Келер кешті әсем безендірулер мен әзілді қойылымдарға толтыратын көрінеді.

«Еуразия» бірінші арнасы да мерекелік кештің түсірілімін бастап кетті. Алғашқы қонақтары "Ринго" тобы.


Бөлісу: