Инватакси көлігін қолданысқа беру «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының 91-93 тармақтары бойынша жүзеге асып отыр. Ол 2014 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тапсырысына сәйкес қызмет көрсетеді, - дейді Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаева.
Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес елді мекендерде 5000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 497-сі инватакси қызметін қажет етеді. Заманауи, соңғы үлгіде жабдықталған көлік мүгедектердің сұраныстарына орай, қала ішінде және қалааралық бағыттарда тасымалдау қызметтерін атқарады.