Жаңаөзенде несие беруші мен борышкер татуласып, медиативтік келісімге келді

11 Наурыз 2019, 11:31 2927

Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Х.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер А. сотқа берген талап арызында жауапкер Х-дан қолхат негізінде 200 000 теңге қарызға алып, ай сайын 30 пайыздық үстемемен және кешіктірілген әр күніне бір пайыздық өсімпұл төлеуге міндеттенген. 

Алайда, осы күнге дейін қарызын қайтармай жалтарып жүргендігін көрсетіп, жауапкерден барлығы 990 000 теңге қарызын және мемлекеттік баж салығын өндіріп беруді сұраған.

Татуласу келісімнің шарттары бойынша, талапкер А. жауапкер Х.-ға қарызды 35 000 теңгеден 15.02.2020 жылға дейін талапкерге төлеуге міндеттеніп, екі тарап татуласып, медиативтік келісімге келді.               

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Бөлісу: