«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына арналған дөңгелек үстел

18 Сәуір 2018, 12:32 2463

18 сәуір күні Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Қоғамдық келісім» КММ-ң ұйымдастыруымен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университетінде «National bookdating»  акциясы шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын бойынша, жастарға ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Дөңгелек үстелге «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық бөлімінің басшысы,  Атырау облысының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, Х. Досмұхамедов атындағы университеттің мұғалімдері мен студенттері, БАҚ өкілдері – барлығы 50 адам қатысты.  

Шара барысында ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Г. Қайырғалиқызы  қазақ тілінде аударылып, басып шығарылған 18 ғылыми оқулықтың маңыздылығын жан-жақты түсіндірді.

Бөлісу: