Жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған

13 Маусым 2022, 17:17 1110

Ақтөбеде көлік қаққан жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды El.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 маусымда Қонаев көшесінде Lada Priora автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзып, 41 жастағы әйелді қағып кеткен. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған. Кейін жайу жүргінші алған жарақаттарынан кейін қайтыс болды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын мас күйінде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Бөлісу: