Жүрек ауруының негізгі белгілері

31 Қаңтар 2022, 15:32 103244

Жүрекке пайдалы 10 тағам

Соңғы жылдары жүрек ауруына шалдыққандар қатары көбейіп барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистика мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 18 миллионға жуық адам жүрек ауруынан қайтыс болады екен. Ертеректе бұл сырқат ересек адамдар да ғана кездессе, статистикалық мәліметтер дерттің жастар арасында да артып бара жатқаны байқатады. Жүрек ауруына не себеп? Оның алдын-алу жолдары мен емдеу шаралары қандай? Осы сұрақтар төңірегінде Нұр-Cұлтан қаласындағы №7 қалалық емхана кардиологы Маломанова Назира Тыиштыкқызымен сұқбаттасқан болатынбыз.

 Жүректің ауруы, қандай да бір сырқаттың асқынуынан немесе жүрек қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын ауру. Ал, күтпеген жағдайда қасыңыздағы адамның жүрегі ауырып қалса, алғашқы көмекті қалай көрсету керек? деген сауалымызға кардиолог Назира Тыиштыкқызы былай деп кеңес берді.

–Жүрегі ауыратын адамдар арасында күтпеген жағдайда ағзаға қан мен оттегі жетіспеушілігі болуы мүмкін. Егер сол жақ кеуде тұсы қатты қысып пышақ сұққандай ауырсыну болса, адам мүлде қозғала алмай қалады. Бұндай жағдайда ең біріншіден адамның кеуде тұсын ұстап, есің білетініңе көз жеткізуіміз қажет. Екіншіден қарапайым үй жағдайында жүрекке массаж жасау керек. Қатты тегіс жерге жатқызып, төсті ойша үш бөлікке бөліп, оның ең төменгі жағынан бастап отыз рет басамыз. Одан кейін науқастың тамырын тексеріп, дем алып жатқанын анықтау керек. Осындай жағдай орын алса, бөлменің терезесін ашып желдетіп, тілінің астына 325 мг аспирин дәрісін салу керек. Бұл дәрі жүрек жұмысының бұзылуына байланысты тромб түзілсе соны ерітеді. Әрине одан кейін жедел-жәрдем шақырту керек. Егер кез-келген адам жедел-жәрдем жеткенше көрсетілетін алғашқы көмек түрін білетін болса, бұл әлемдегі бір адамның болса да, өмір сүруге мүмкіндігі артар еді.

–Жүрек ауруының белгілері қалай білінеді? Адам бойында қандай белгілер болған кезде дәрігерге қаралу керек? Бұл сұраққа дәрігер ханым былай дейді.

Жүректе ауру тудыратын биохимиялык процесстер болып жатса да жүрек ауруы көпке дейін сыр бермеуі мүмкін. Оның алғашқы белгісі деп кеудеде жайсыздық сезіліп, көкіректің орта тұсы қысылса айтуға болады. Сондай-ақ ауаның жетіспеушілігінен әлсіздік пайда болады. Кеуде мен асқазан тұсы шаншып ауырады. Кейбір адамдар оны іш құрылысының ауырсынуы мен шатастырып жатады. Егер денеден суық тер шығып, жүрек тұсы 10 минуттан 20 минутқа дейінгі ұзақтықта ауырса бірден дәрігерге көрінген жөн.


«Жүректің ишемиялық ауру қаупінің жоғарылауына байланысты үш топқа бөліп қарастыруға болады», дейді кардиолог Назира Тыиштыкқызы.

–Біріншіден ата-ана арқылы берілетін тұқым қуалаушылық. Әлем халқының шамамен 25% генетикалық факторларға байланысты миокард инфарктісінің дамуына бейім. Сондықтан, сізде жүрек қан-тамыр ауруларын болдырмас үшін: салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс және теңгерімді тамақтану маңызды. Айта кету керек, С дәрумені жүрек ауруларына қарсы қорғаныс қасиеттеріне ие. Екіншіден ер адамдар жүрек ауруларының дамуына көбірек бейім келеді. Себебі оларда әйел адамдардағыдай жыныстық гормон яғни эстрогендер жоқ. Бұл белсенді заттар қан-тамыр мен жүрекке қорғаныс әсерін тигізеді. Сол себептен де көп жағдайда ер адамдар жүрек ауруларына жиі шалдығады. Үшіншіден әрине адамның жасы ұлғайған сайын, қандай да бір аурумен ауру қауіпі де айтарлықтай артады. Сондықтан егде жастағы адамдар мейлінше денсаулығына мән берген абзал.

Жүрек шамамен минутына 70 рет, 1 жылда 37 милионнан астам рет соғады. Егер жүрек ауырса, бүкіл ағзаның жұмысы нашарлайды. Бүгінде жүрек ауруларының ішінде ең көп тараған түрі қайсы? Бұл сауалымызға Назира ханымның өз айтары бар.

–Елімізде адам өлімінің 47% осы жүрек ауруы себепкер екен. Жалпы жүрек ауруларының түрлері өте көп. Ең көп тараған түрі стенокардия немесе жүрек миокардының ишемиясы. Ишемия деген – жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін оттегінің дұрыс клеткаға бармауы салдарынан болады. Себебі қан- тамырларда окссидативті күйзеліс орын алғанда, тамыр куысы тарылады.

Бұрындары тек қарт адамдардың ғана жүрегі ауыратындай көрінетін. Ал, қазір біз жүрек қан-тамыр ауруларынан ТМД бойынша көш басындағы елдердің қатарында тұрмыз. Мамандар елімізде жүрек аурулары жасарып барады деп дабыл қағуда. Оған не себеп? Бұл жайында дәрігер ханым былай дейді.


–Иә, дұрыс айтасыз өкінішке қарай соңғы жылдары жүрек ауруымен ауыратын жастар көбейіп барады. Тіпті қазір инфаркт, миокардо және стенокардия сияқты аурулар жылдан-жылға жасарып келеді. Біздің барлық жасушаларымыз қанмен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілгенде ғана үздіксіз жақсы жұмыс істейді. Бұрын жасы қырық бес жастан асқан адамдар ғана ауырса, қазір отызға жетпегендер де бұл сырқатқа шалдығады. Күнделікті бізге қаралуға келген жандардың басым көпшілігінің проблемасы қан қысымының көтерілуі мен қант диабеті мазалайды. Жалпы елімізде осы жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім азаймай тұр.

Жүрек аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемалардың біріне айналған. «Дертке әкеліп соғатын басты себеп адамдардың өз денсаулықтарына көңіл бөлмеуінен болады»,- дейді Назира Тыиштыкқызы.

Біздің ағзадағы барлық мүшелер атқаратын қызметтеріне сәйкес бір-бірімен тығыз байланысты. Ең осалы жүрек қан-тамыр жүйесі. Ол тек екі элементтен жүрек пен қан тамырдан тұрса да, адам денсаулығы оның жұмысына байланысты. Басты себеп шылым шегу, ішімдік, артық дене салмағы, күйзеліс, физикалық белсенділіктің аздығы жүрек ауруын асқындырады. Организмдегі кез-келген асқынулар немесе патологиялық процестер адамның жұмыс қабілеті мен функционалдық мүмкіндіктерінен біржола айыруы мүмкін. Сондықтан жүрек ауруларының алдын-алу үшін әр адам өз денсаулығыңа мән беру керек.


Жүрек ауруына хабар беретін 10 белгі

Жалпы, адамның ағзасы көптеген үлкен мәселелердің алдын-алу үшін кішігірім белгілер беріп отырады екен. Бастысы ол белгілерді назардан тыс қалдырмау керек. Әсіресе егде жастағы қарттар, сондай-ақ артық салмағы бар, қант диабеті және гипертониямен ауыратындар немесе холестерині жоғары адамдар денсаулығына салғырт қарамаған жөн. Шыны керек көбіне жүрек ауырып сыр бергенде мән бермей жатамыз. Алайда, сіз байқай бермейтін жүрек ауруының 10 белгісінің тізімі төмендегідей.

1. Кеуденің ауырсынуы. Мамандардың пікірінше кеуденің ауырсынуы ең көп таралған болып саналады. Оны нақты сипаттау мүмкін емес. Себебі кейбір адамда кеуде тұсы аздап ауырса, басқаларында шымшу немесе жаншып ауыратын кездер болады. Егер мұндай сезімдер пайда болса, онда жүректің ультрадыбысын немесе кардиограмма жасату керек. Бірнеше минуттан астам уақытқа созылған қатты ауырсыну кезінде жедел-жәрдем қызметіне жүгінген жөн.

2. Тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, асқазанның ауруы немесе ауырлық сезімі. Әрине, жүрекке ешқандай қатысы жоқ көптеген себептерге байланысты ас қорыту жұмысы бұзылуы мүмкін. Соның бірі ешқандай себепсіз жүрек айну немесе кеудедегі ыңғайсыздық белгілері байқалса, дәрігерге барған дұрыс. Себебі қан ағымының төмен болуы – жүрек қызметінің нашарлығының белгісі.

3. Тістердің немесе төменгі жақтың ауруы. Тістегі кариес, иектің ауырсынуы суық тигеннен мазалап ауырады. Алайда төменгі жақ пен тістердегі ауырсыну жүрек ауруының белгілері болып табылады. Ауыз қуысындағы бактерия қанға еніп, тамырларда қабыну тудыруы мүмкін. Бұл өз кезегінде жүрек ауруына әкеліп соғады. Ешқандай себепсіз тістеріңіз үнемі мазаласа кардиологқа көрінген жөн.

4. Қол мен аяқтың ауруы. Сол жақ иығыңыз, немесе бірден екі қолыңызда ауырсыну байқалса, бұл жүрек ауруының айқын емес белгілерінің бірі. Егер жақын арада дененің бұл бөліктерінде соққы немесе зақым алмасаңыз, маманға көрінген абзал. Себебі аяқ артерияларының ауырсынуы перифериялық тамыр ауруының белгісі. Яғни аяқтың тамырларында проблема болса, жүректі тексерту керек.

5. Тершеңдік. Денеде қанға адреналиннің жеткілікті мөлшерін жіберіп, жүрек соғуын тездетеді, ал тамырлар үш есе күшпен жұмыс істейді, осыған байланысты қатты терлеу басталуы мүмкін. Бұл өз алдына қорқынышты емес. Бірақ онымен бірге айқын әлсіздікпен ауырсыну болса дәрігерге көрінген дұрыс. Себепсіз терлеу жүрек ырғағының бұзылуы туралы сигнал.

6. Шаршау – бұл жалпы көп ауруларда кездесетін белгі. Шамадан тыс шаршау миокард инфарктісі сияқты жүрек ауруының белгісі болып саналады. Егер қимыл қозғалыс кезінде тез шаршасаңыз, және бұл жағдай бірнеше күн бойы жалғасса, онда кардиологке көрінген жөн. Себебі әлсіреген жүрек толық қан айналымын қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде ағзада қоректік заттар мен оттегінің жетіспеушілігі сезіле бастайды.

7. Естен тану немесе көздің қарауытуы. Көздің қарауытуы, көру өткірлігінің төмендеуі түрлі себептерге байланысты болады. Жалпы себеп, әдетте, қан қысымның кенеттен төмендеуі, миға оттегінің жетіспеушілігіне әкеледі. Сондай-ақ, естен тану және жүрек бұлшықетінің немесе жүрек клапандарының бұзылу салдарынан болуы мүмкін.

8. Қатты қорылдау. Кез-келген адам ұйықтап жатып қорылдауы жиі кездесетін құбылыс. Қорылдау шынымен де адам денсаулығы үшін қауіпті. Себебі қорылдаған кезде тыныс алу тоқтап қалу мүмкін. Бұны медицинада апноэ деп атайды. Яғни оттегі жетіспеушілігіне байланысты адам инфаркт пен инсульт сияқты ауруларға душар болады. Сондықтан қорылдауды жәй ғана әдет деп қарамай, уақытылы қаралған дұрыс.

9. Себепсіз ентігу. Тыныс алудың қиындауы қандағы оттегінің аз екендігінің алғашқы белгісі. Көбінесе физикалық белсенділік себеп болады. Оттегінің жетіспеушілігі қан айналымының нашарлауынан, өз кезегінде жүректің бұзылуынан туындауы мүмкін.

10. Ұзақ уақытқа созылған жөтел. Көп жағдайда жөтел суық тигеннен пайда болады. Егер жөтел бірнеше апта ішінде басылмаса, дәрігерге көрінген жөн. Себебі ұзақ уақытқа созылған жөтел аллергияны немесе бронхитті асқындыруы мүмкін. Алайда, кей жағдайда бұл жүрек ауруының белгісі болып табылады. Жүрек жөтелінің белгісі ретінде қызғылт немесе ақшыл шырыштың бөлінуі болып табылады.

Жүрекке пайдалы 10 тағам

Уайымсыз дені сау жүрек, толыққанды өмір сүрудің кепілі. Бұл үшін көп нәрсе қажет емес, ол үшін жаман әдеттерден арылу, көбірек қозғалу және жүрекке пайдалы өнімдерді пайдалану. Жүрегіңіздің саулығын сақтау үшін, алдымен тамақтану тәртібіңе көңіл бөлген жөн. Себебі жүрек үшін дұрыс және салауатты тамақтану маңызды. Осы тұста кардиолог Маломанова Назира жүрекке және қантамыр жүйесіне пайдалы 10 тағам түрлерімен бөлісуді жөн көрді.


1. Жаңғақ. Бадам, жержаңғақ, грек жаңғағы және тұзсыз пісте жүрекке пайдалы, себебі олар Е дәруменіне бай. Бұл қандағы қажетсіз холестерин деңгейін төмендетеді және қан-тамыр қабырғасын нығайтады. Ал грек жаңғағының құрамында омега-3 деңгейі жоғары, ол жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады, буындар мен иммунитетті нығайтады. Сонымен қатар, терінің баяу қартаюына ықпал етеді. Зерттеулер көрсеткендей, күніне небәрі 30 грамм жаңғақ жүрек-қан тамырлар ауруларынан болатын өлім қаупін 20% ға төмендетеді.

2. Кептірілген өрік. Құрамында А және В дәрумендері болғандықтан, кептірілген өрік жүрекке пайдалы тағамдар рейтингінде жоғары орынға ие. Өрік- темір, калий және магнийге бай. Ол гемоглобинді арттыруға және жүйке жүйесін нығайтуға көмектеседі. Ескеретін жәйт, гипотониясы төмен адамдар сақ болу керек, себебі ол қан қысымын төмендетеді. Мамандар кептірілген өрікті күнделікті 100 грамм пайдалану қауіпсіз екенін айтады.

3. Сұлы. Таңғы асқа сұлы пайдалы әрі тойымды тағамның бірі. Ол адам ағзасына қуат береді, салмақ жоғалтуға көмектеседі, қант диабетінің алдын алады және жүрек денсаулығын жақсартады. Сұлы майының құрамында еритін талшық бар, ол ағзаға қажет емес холестеринді сіңіреді және оны денеден шығарады.

4. Авокадо. Құрамында адам организміне көптеген пайдалы қасиеттерге ие жеміс. Ол метаболизмді жақсартады және қатерлі ісік ауруының алдын алатын дәруменге бай. Авокадо- жүректің жұмысын күшейтіп қана қоймай, қан қысымын да қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ калий мөлшері жоғары болғандықтан бүйректің жақсы істеуіне септігін тигізеді.

5. Қызыл бұршақ. Магний, калий, фолий және басқа да пайдалы микроэлементтермен тұрады. Жүрек пен қан тамырларға сондай - ақ бүкіл денеге табиғи қорғаныс болып табылады. Қызыл бұршақтың құрамында қандағы қантты төмендетуге көмектеседі және қант диабеті қаупін азайтады.

6. Зәйтүн майы. Зәйтүн майы жүрек-қан тамырлар ауруларының, әсіресе инфаркт пен инсульттің, сондай-ақ қатерлі ісіктің алдын-алудың табиғи құралы болып табылады. Сонымен қатар, ғалымдар зәйтүн майындағы олеин қышқылы рак клеткаларын болдырмайды. Тиісінше, атап айтқанда, онкологиялық аурулардың, әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупі азайтады.

7. Анар. Бұл өте пайдалы жеміс. Оның құрамында А, В1, В2, В3, В5, В6, Е, С дәрумендеріне бай, сонымен қатар, калий, темір, селен, марганец секілді микроэлементтерден тұрады. Ең бастысы — денедегі қабынуға қарсы, канцерогендік және иммуностимуляторлық функциялары бар антиоксиданттар мен полифенолдарға бай. Анар шырыны жүрек ауруы бар адамдар үшін пайдалы және қан айналымын жақсартады. Жемістегі темір анемияға көмектеседі және темір тапшылығының дамуына жол бермейді. Сонымен қатар адамның жалпы жағдайы мен көңіл-күйге әсер етеді.

8. Балық. Балықтың құрамындағы майлар жүректің қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Лосось, тунец, скумбрия және теңіз өнімдерінде жүрек бұлшықетін тамақтандыру үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Бұл өнімдерде көптеген пайдалы омега-3 май қышқылы бар, ол жүрек-қантамыр жүйесінің тоқтау қаупін болдырмайды, жүрек ырғағын сақтауға көмектеседі.

9. Алма. Алманың құрамындағы С дәруменінің көп болуына байланысты қан тамырлар күшейіп, олардың зиянды микробтарды өткізгіштігі азаяды. Алма - ең күшті қан тазартқыш, табиғи және ауыртпалықсыз, егер қан таза болса, жүрек қанды тазартуға аз энергия жұмсайды.

10. Сарымсақ - тек суық тиюмен және тұмаумен күресуде ғана емес, сонымен қатар қант диабетімен ауыратындар арасында жиі кездесетін кардиомиопатияның дамуын болдырмауға көмектеседі. Сондай-ақ антиоксиданттық және микробқа қарсы қасиеттерге ие, қан қысымын қалыпқа келтіреді және холестерин деңгейін төмендетеді.

-        Сұқбатыңызға рақмет!

 

 

 

 

 


Аяулым Қанағат
Бөлісу: