Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Титулдың бұрынғы иегері Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте титулды қорғаудан бас тартты. Оның орнына америкалық екінші орташа салмаққа өтіп, британдық Зак Паркермен «уақытша» WBO белбеуі үшін айқасуға шешім қабылдады. Ұйым мұндай жекпе-жекке рұқсат беріп, тараптарға келіссөз жүргізуге уақыт берді.
Осылайша, WBO ережелері бойынша Жәнібек Әлімханұлы «уақытша» чемпионнан орта салмақта WBO нұсқасы бойынша толық құқылы әлем чемпионы мәртебесін алды.