Жәнібек Әлімханұлы Президентке уәде берді

28 Тамыз 2022, 00:24 1110

Қазір әлемдік спорт журналистері QAZAQ STYLE туралы жарыса жазып жатыр.

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатына жауап берді, деп хабарлайды El.kz.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құттықтау жолдап, қанаттандырғаныңызға көп рақмет. Жаңа Қазақстанның жаңа әлем чемпионы атанып, қазақ елін қуантқаныма қуаныштымын. 4 жыл бұрын тарих жасаймыз деп Америкаға аттанып едік. Бүгін, міне WBO-ның әлем чемпионы титулын алған тұңғыш қазақ атандық! Қазір әлемдік спорт журналистері QAZAQ STYLE туралы жарыса жазып жатыр! Біз енді бастадық! Бұйыртса, төрт салмақта әлем чемпионы атанамыз! Әлемге QAZAQ STYLE-дың ерекше әлі мықты стиль екенін паш етеміз, тарихта қалдырамыз!» - деп жазды былғары қолғап шебері.

Бөлісу: