"Жұмыс бар, жұмыс беруші бар". Ал жұмысшы ше?

22 Шілде 2022, 22:35 2791

Жыл соңына дейін олар 10 мың бос жұмыс орнын ұсынады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында жастар ұйымдарының белсенді өкілдерімен кездесті, деп хабарлады EL.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Мемлекет басшысының жастарды жұмыспен қамтуға қатысты берген тапсырмаларын орындау бойынша министрлік жүргізіп жатқан жұмыс бағыттары жөнінде айтты.

Кездесуге жастар ұйымдарының көшбасшылары, еріктілер, жұмысшы жастар, студенттер және жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова еңбек нарығына 2000 жылдардың басында дүниеге келген буынның шыға бастағанын айтты. Алдағы уақытта жыл сайын 300-400 мың жас маман еңбекке араласады. Осылайша жұмыс күшінің құрылымы өзгеріп келеді. Қазір жастар икемді жұмыс кестесін және жеке даму мүмкіндігіне көбірек мән береді. Осы орайда министр Электронды еңбек биржасының өзектілігін атап өтіп, кездесуге қатысушыларды жұмысқа орналасу мүмкіндігіне қатысты өзекті ақпаратты құрдастарына жеткізуді шақырды.

Жұмыс бар, жұмыс беруші бар. Сіздер арқылы Электронды еңбек биржасындағы бос жұмыс орындары жөніндегі ақпаратты еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастарға жеткізсек дейміз. Enbek.kz сайтына кіріп, өздеріңіздің көңілдеріңізден шығатын жұмысты таңдауға мүмкіндік бар, - деді министр.

Министр жастарды ірі өндірістік кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жобасы жұмыспен қамтуға бағытталған тағы бір маңызды шара екенін айтты. Оған бірінші болып ERG компаниялар тобы қосылды, ол Электрондық еңбек биржасында бос орындар тізімін ұсынды. Осылайша, 200-ден астам жас маман жұмысқа орналастырылды. Жақын болашақта басқа компаниялардан бос жұмыс орындары қол жетімді болады.

Өткен айда Электронды еңбек биржасында Қазақстандағы алғашқы онлайн еңбек жәрмеңкесін өткіздік. Шара 35 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған. Жәрмеңкеге 23 ірі компания, банк және сауда желісі қатысып, 1330 бос жұмыс орнын ұсынды. Жыл соңына дейін олар 10 мың бос жұмыс орнын ұсынады. 3,5 мың резюме келіп түсті. Қазір жұмыс берушілер үміткерлерді іріктеп жатыр. Жәрмеңке тұрақты түрде ұйымдастырылады, - деді министр.

Кездесу барысында жастар ұйымдарының өкілдері өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, еңбек нарығын дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.

EL.KZ
Бөлісу: