Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жоспарына сәйкес,«Жұлдызы жарқыраған - Жетісу» облыстық форумы аясында ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Достық үйінің алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы облыстық штабының алғашқы жиыны, «Жеңіс» саябағында сенбілік, Ұлыстың Ұлы күніне арналған мәдени-көпшілік шарасы өтті.
Шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы облыстық ҚХА мүшелері, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, облыстық, аудан-қалалық Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі, «Ұлағат» ардагерлер кеңесі, жетекші журналистер мен сарапшылар клубы, ғылыми-сарапшы топ, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, студенттік Ассамблея, білімгерлер, қала тұрғандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Форум аясындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы облыстық штабының алғашқы жиынында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Алматы облысының «Құрметті азаматы», «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Гаитова, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы облыстық штабының төрағасы Руфина Усанова, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы облыстық штабының төрағасының орынбасары Бронислав Другов сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тілеп, «Жеңіс» саябағына сенбілікке шықты.
Ұлыстың Ұлы күніне арналған мәдени-көпшілік шарада құрметті қонақтар құттықтау тілектерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, шараның сәнін ұлттық ойындар, салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап викторинасы, облыстық ҚХА хатшылығы, Достық үйі, Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрлер орталығы, облыстық, аудан-қалалық Аналар кеңесі, Талдықорған қалалық заң колледжінің қатысуымен «Еншісі бөлінбеген дастархан» атты байқаулар келтірді.
Іс-шара соңынан байқау қорытындыланып, қатысушылар номинациялар бойынша бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.