«Жұлдызды аңыз-ертегілер» жобасында жаңа ертегілер!

24 Ақпан 2015, 13:47

Жұлдызды ертегілер саны қалай көбейді? Жобаның бұдан өзге қандай жаңалықтары бар? Мақаладан оқи отырыңыздар...

Өткен жылдың соңында еліміздің жас бүлдіршіндеріне арналған «Жұлдызды аңыз-ертегілер» атты керемет жобаның тұсауы кесілген болатын. www.ertegiler.kz cайты арқылы жас тыңдарманға жол тартқан бұл жобаның ерекшелігі сол, танымал өнер қайраткерлері өздерінің әсем дауыстарымен кішкентай кезінде естіген ертегілерін әңгімелеп береді және оны аудионұсқада кез келген бала тыңдай алады. Бұл игі шара бірнеше міндетті атқарады: қазақ мәдениеті мен тілін жаңа медиа технологиялар арқылы насихаттау, қазақ ертегілерінің танымалдығын арттыру, балаларға дұрыс тәрбие беру және т.б.

Бастапқыда сайтта 12 ертегінің оқылымы болса, жаңа жылдан кейін толықтыру жұмыстары жүріп бүгінгі таңда бұл сан 29-ға жетті.

Бұдан бөлек, осы жолы жобаның Аndroid және iOS платформаларына арналған мобильді қосымшасы іске қосылғаны белгілі болды. Енді смартфоны бар кез келген адам, әрине интернеті болған жағдайда, «жұлдызды ертегілерді» өз телефонынан тыңдай алады. Тыңдап қана қоймай, жүктей де алады. Жоба авторларының айтуынша, сайттың алғашқы нұсқасы қазақстандықтардың қызығушылығын тудырып, мобильді қосымша жасауға өтініштер келіп түскен.  

Танымал өнер тұлғалардың оқыған ертегілері мен аңыздары қалың бұқараға бұрыннан таныс. 

Сайтта ертегілермен қатар «балаларға базарлық» та бар. Қарақат Әбілдина, Жанар Айжанова, Салтанат Бақаева секілді әнші қыз-келіншекті ертегі оқып қана қоймай, өз дауыстарымен балаларға арнап бесік жырларын орындап берді.  

«Негізі, бесік жырларын, ұлттық ертегілерді тыңдап өскен баланың тәні де, жаны да сұлу болып өсетін белгілі. Ал қазақ ертегілерінің ғасырлар бойы жинаған даналығы, аңыз кейіпкерлерінің бойындағы ең жақсы қасиеттер, олардың ерлігі кішкентай тыңдармандардың бойында шынайы патриоттық сезім оятып, өз тарихына, өз тіліне деген сүйіспеншілік тәрбиелейтіні бұрыннан аян»,  дейді жобаны жүзеге асырушы «Aray Media Group» студиясының директоры Марат Ахметжанов.  

«Жұлдызды аңыз-ертегілер» «Нұр Отан» партиясының «Балалық шақ» атты бағдарламасы аясында жарық көргенін, бастамаға «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қоры» қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. 

Өткен жылдың соңында еліміздің жас бүлдіршіндеріне арналған «Жұлдызды аңыз-ертегілер» атты керемет жобаның тұсауы кесілген болатын. www.ertegiler.kz cайты арқылы жас тыңдарманға жол тартқан бұл жобаның ерекшелігі сол, танымал өнер қайраткерлері өздерінің әсем дауыстарымен кішкентай кезінде естіген ертегілерін әңгімелеп береді және оны аудионұсқада кез келген бала тыңдай алады. Бұл игі шара бірнеше міндетті атқарады: қазақ мәдениеті мен тілін жаңа медиа технологиялар арқылы насихаттау, қазақ ертегілерінің танымалдығын арттыру, балаларға дұрыс тәрбие беру және т.б.

Бастапқыда сайтта 12 ертегінің оқылымы болса, жаңа жылдан кейін толықтыру жұмыстары жүріп бүгінгі таңда бұл сан 29-ға жетті.

Бұдан бөлек, осы жолы жобаның Аndroid және iOS платформаларына арналған мобильді қосымшасы іске қосылғаны белгілі болды. Енді смартфоны бар кез келген адам, әрине интернеті болған жағдайда, «жұлдызды ертегілерді» өз телефонынан тыңдай алады. Тыңдап қана қоймай, жүктей де алады. Жоба авторларының айтуынша, сайттың алғашқы нұсқасы қазақстандықтардың қызығушылығын тудырып, мобильді қосымша жасауға өтініштер келіп түскен.  

Сайтта ертегілермен қатар «балаларға базарлық» та бар. Қарақат Әбілдина, Жанар Айжанова, Салтанат Бақаева секілді әнші қыз-келіншекті ертегі оқып қана қоймай, өз дауыстарымен балаларға арнап бесік жырларын орындап берді.  

«Негізі, бесік жырларын, ұлттық ертегілерді тыңдап өскен баланың тәні де, жаны да сұлу болып өсетін белгілі. Ал қазақ ертегілерінің ғасырлар бойы жинаған даналығы, аңыз кейіпкерлерінің бойындағы ең жақсы қасиеттер, олардың ерлігі кішкентай тыңдармандардың бойында шынайы патриоттық сезім оятып, өз тарихына, өз тіліне деген сүйіспеншілік тәрбиелейтіні бұрыннан аян», - дейді жобаны жүзеге асырушы «Aray Media Group» студиясының директоры Марат Ахметжанов.  

«Жұлдызды аңыз-ертегілер» «Нұр Отан» партиясының «Балалық шақ» атты бағдарламасы аясында жарық көргенін, бастамаға «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қоры» қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. 

Аңыз-ертегілерімізді оқыған өнер жұлдыздарымен таныс болайық:

Ләйлә Сұлтанқызы, «Балапан» арнасының директоры, журналист. Оқыған ертегісі: «Ұр, тоқпақ»

«Осы ізденіс зая кетпеу керек. Өскелең ұрпаққа, модерн заманының кішкентайларына қарапайым тілмен тыңдап отырып, ертегіні елестете алатындай оқып берсеңіз, бала оны тамаша қабылдай алады» © Ләйлә Сұлтанқызы

Қарақат Әбілдина, дәстүрлі әнші. Оқыған ертегісі: «Қарға баласын «аппағым» дер»

«Қолымыздан келгенше қазақы тәрбие беруге, балаларымызды қазақша өсіруге бар күшімізді саламыз. Басқаша болуы да мүмкін емес. Сондықтан бұл жобаның жас ұрпаққа берер пайдасы мол деп есептеймін» © Қарақат Әбілдина

Әлия Әнуарбек, кино артiсi. Оқыған ертегісі: «Алтын ат»

Тұрсынбек Қабатов, актер-юморист. Оқыған ертегілері: «Қағанақ бас, Қыл кеңірдек, Ши борай», «Үш қу»

«Мен әзіл-шыны аралас ертегіні оқып отырып, мұны бала кезде тыңдағанымды еске түсірдім. Үйде төрт балама міндетті түрде айтып беремін. Бала ертегі тыңдап өссе, оның ертеңгі күні жақсы болатынына кепілдік туады» © Тұрсынбек Қабатов

Гүлмира Сарина, дәстүрлі әнші. Оқыған ертегісі: «Батыл есек» 

«Ертегі бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ең құнды құралдардың бірі болып саналады. Бесік жыры мен ертегі, дастандардан сусындаған әрбір сәбидің болашағы зор болмақ. Қазақ ертегілерінің қай-қайсысы да ізгі мұратқа жетелеп, жақсы қасиеттерге тәрбиелейді» © Гүлмира Сарина

Әли Оқапов, әнші. Оқыған ертегісі: «Жарты Төстік»

«Мен кішкентай бала кезімде өз ата-аналарымнан батыр жайлы ертегілерді көбірек сұрағанмын, өйткені сол ертегілер маған жақын болған. Әрбір ертегінің өз мағынасы және өз ойы бар. Ертегімен өскен баланың тәрбиесі бір бөлек»   © Әли Окапов

 

Айтолқын Тоқтаған, домбырашы. «Ақсақ құлан» аңыз-күйін оқиды 

«Күй қазақ халқына ғана тән төл өнеріміз болса, күй тартудан бұрын оның шығу тарихы немесе аңыз әңгімесін айту атадан балаға жалғасып келе жатқан ерекше дәстүріміз. Күй аңызы тыңдаушыға бағыт сілтеп, музыкасын түсініп, мән-мағынасын тереңірек ұғынуға жол ашады» © Айтолқын Тоқтаған

Сүндет Байғожин, опера әншісi. Оқыған ертегісі: «Асан неге «Қайғы» атанды»  

Майя Веронская, тележүргізуші, журналист. «Алтын балта»  

Нұрлан Әлімжанов, актер. Оқыған ертегісі: «Қос мүйізді Ескендір» 

Динара Тлендиева, дирижер. Оқыған ертегісі: «Ару аққу мен Бабай Түкті Шашты Әзиз» 

Балғынбек Имашев, айтыскер, ақын. Оқыған ертегісі: «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» 

Жанар Айжанова, әнші, тележүргізуші. Оқыған ертегілері: «Жапалақ көрсең атып ал» және «Торғайдың өсиеті»   

Ардақ Балажанова, дәстүрлі әнші. Оқыған ертегісі: «Қарт пен тапқыр жігіт»  

Досымжан Таңатаров, әнші. Оқыған ертегісі: «Қаңбақ шал»

«Қазақ бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Сол тәрбиенің бірі – ертегі тыңдау. Ертегіге сенген бала ертеңіне сенеді» © Досымжан Таңатаров

 

Ақсәуле Әлжан, тележүргізуші. Оқыған ертегісі: «Хан қызы»

«Ертегі – менің өмірімде ерекше орын алған құбылыс. Балалық шағымда үйде қазақ халық ертегілерінің бірнеше жинағы, әлем халықтарының ертегілері көп болатын. Қазір сол кітаптарды кішкентай ұлыма оқып жүрмін» © Ақсауле Әлжан

 

Сәрсенғали Жүзбай, қобызшы. «Қорқыт туралы аңыз-күй» 

Әйкерім Есенали, тележүргізуші, продюсер. Оқыған ертегісі: «Айлакер бала»  

Салтанат Бақаева, театр артисі, әнші. Оқыған ертегілері: «Тышқан мен жолбарыстың достығы» және «Шымшық пен көгершін» 

Алмас Кішкенбаев, әнші. Оқыған ертегісі: «Уәдеге берік жігіт»  

Нұрлан Қоянбаев, "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі, продюсері

Оқыған ертегісі: «Қонаққа сұранғанның сазайы» және «Өлген қазан» 

Жанар Дұғалова, әнші. Оқыған ертегісі: «Аян»  

«Ертегі баланың талғамын өсіріп, оны мейірімділікке үйретіп, дүниетанымын ашады. Дүниеге алғаш келген күннен-ақ бала бойына төл мәдениетімізді сіңіре берудің маңызы зор деп білемін» © Жанар Дұғалова

Ерлан Рысқали, дәстүрлі әнші. Оқыған ертегісі: «Түс көрген патша» 


P.S. Сондай-ақ, ертегі оқушылардың қатарында танымал композитор Ринат Гайсин де бар. Ол «Достық» деп аталатын ертегі оқып берді. Ринаттың ойынша, ертегі тыңдаған баланың бойында ұлттық сана қалыптасады. 


Дәурен Омаров

Бөлісу: