29.05.2023
12:15
1884
Зейнеткерлер енді тұрғын үй мен емге өз жинақтарын пайдалана алады

Зейнеткерлер енді тұрғын үй мен емге өз жинақтарын пайдалана алады

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы зейнеткерлер тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге өз зейнетақы жинақтарын пайдалана алады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.
 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында еңбек сіңірген жылдары бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық беріледі.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы БЖЗҚ-да жинақталған қаражатын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады.

Емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін жоғарыда көрсетілген интернет-платформа арқылы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ына ғана жүгіну қажет.