Зейнеткерді өлтірген қылмыскер әйел екі сағатта ұсталды

2 Қыркүйек 2022, 06:38 1920

Ерлан Омарбеков күдіктінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғанын атап өтті.

Қостанай облысының полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты. Бұл туралы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды EL.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай қаласындағы үйдің кіреберісінен көпқабатты үйдің тұрғыны әйел адамның мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлады. Ол бірден жедел жәрдем мен полицияны шақырған.

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қылмысты ашуға облыстың және қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылғанын атап өтті.

Екі сағаттан кейін кісі өлтіру бойынша іс ашылды. 45 жастағы күдікті, жұмыс істемейтін әйел ұсталды, одан заттай дәлелдемелер алынды.

75 жастағы әйел қонақтан үйіне қайтып келе жатқанда оның үстінде алтын әшекейлер болған. Күдікті зейнеткердің подъезге кіргенін көріп, оның соңынан еріп, пышақ жарақатын салып, алқаны жұлып әкеткен.

Ерлан Омарбеков күдіктінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғанын атап өтті. Ұсталған адамнан заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі "Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

EL.KZ
Бөлісу: