Зейнеткер әжейдің 100 млн теңгесін ұрлап кеткендер аяқ іздері арқылы табылды

14 Наурыз, 05:30 2596

Петропавлда қарт тұрғынның үйінен 100 млн теңгені жымқырып кеткен ұрыларды криминалистер аяқ іздері арқылы ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға өткен жылдың маусым айында болған. Петропавл қаласындағы пәтерлердің біріне келген екі жас жігіт зейнеткерге суға арналған “Аквафор” сүзгісі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнатуды ұсынған. Ақкөңіл әжей оларды үйге еш алаңдамастан кіргізген. Жас жігіттер уәде еткен жұмысты орындап, еш күдік тудырмаған. Зейнеткер көрші бөлмеден ақша алып шығып, орнатқан құрылғы үшін төлем жасаған.

Осы сәтте жігіттердің бірі ақша жасырылған жерді байқап қалады. Содан олардың бірі әжейді сөзге айналдырса, екіншісі көрші бөлмедегі 100 млн теңгені жымқырған. Ал үй иесі ақшаның ұрланғанын тек бірнеше күн өткеннен кейін байқаған.

Аға криминалист Ербол Мусин бастаған полиция қызметкерлері оқиға орнына келген бойда қылмыстың мән-жайы туралы нақтылай бастаған. Криминалист пәтерді мұқият қарап шығып, алаяқтар қалдырған сүзгі құрылғысының қорабынан іздерді тапқан. Сол іздер бойынша қылмыскерлердің жеке басы да анықталыпты.

Олар Қостанай облысының тумасы болып шықты және біреуінің Петропавл қаласында тұрақты тұратыны белгілі болды. Қаскөйлер ұсталып, ақшалай қаражаттың бір бөлігі әжейге қайтарылды.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: