2026 жылы Қазақстанда әлеуметтік төлемдерге бөлінетін қаржы көлемі артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеген болатын, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік Tengrinews.kz -ке берген жауабында 2026 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасында зейнетақылар мен түрлі әлеуметтік жәрдемақыларға 6,8 триллион теңге қарастырылатынын айтты. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 14,4 пайызға немесе 860,5 миллиард теңгеге артық.
Қаржы мынадай бағыттарға бөлінеді:
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,6 миллион зейнеткер мен 2,3 миллионға жуық жәрдемақы алушының төлемдері 10,5 пайызға өседі.
Министрлік бұл қадам халықтың табысын инфляцияға байланысты құнсызданудан қорғауға және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Бұған дейін зейнетақы 120 пайызға өсетіні туралы жазған едік.