Зейнетақы активтері жыл басынан бері 10,3 пайызға өсті

12 Желтоқсан 2022, 12:24 1372

Жыл басынан бері зейнетақы активтері 10,3%-ға өсті. Бұл туралы Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«2022 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша 14,4 трлн. теңгені құрап, жыл басынан бері 1,3 трлн теңгеге немесе 10,3%-ға өсті. Жыл басынан бері инвестициялық кіріс көлемі 806 млрд теңгені, зейнетақы жарналары 1,5 трлн теңгені, зейнетақы төлемдері 240 млрд теңгені құрады», - деді Ғалымжан Пірматов.

2022 жылы тұрғын үй жағдайын жақсарту, емдеу және жеке басқаруға беру мақсатында жинақталған зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын шығаруға 881 млрд теңге көлемінде 865 мыңнан астам өтініш орындалғанын атап өтті.

«Теріс макроэкономикалық жағдайға қарамастан, зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың басынан бері 5,8%-ды құрады. Сонымен қатар, соңғы бес жылда жинақталған табыстылық инфляция қарқынынан асып түсті», - деді ол.

Миражан Махан
Бөлісу: