Зейнетақы төлемдері қалай есептеледі?

13 Тамыз 2022, 16:21 1573

Қазақстандықтардың зейнетақысы үш бөліктен тұрады

Бүгін зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде туындайтын сауалдарға жауап береміз.

Қазақстандықтардың зейнетақысы үш бөліктен тұрады:

Базалық зейнетақы. Зейнеткерлік жасқа жеткен кезде есептеледі. Аударымдар мен еңбек өтіліне байланысты емес. Ол 2022 жылы 20 191 тг құрайды;

Ортақ зейнетақы. 1998 жылға дейін зейнетке шыққан қазақстандықтар базалық және ынтымақты зейнетақы алады. 2022 жылы ең төменгі ынтымақты зейнетақы 48 032 теңге тең;

Жинақтаушы зейнетақы. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалады. Шоттағы жинақ көлеміне байланысты.

Міндетті зейнетақы аударымдар енгізгенге дейін зейнетке шыққандар базалық және ортақ зейнетақыны алады. Басқалары – тек жинақтаушы қорды ғана алады.

Ол зейнетақы сомасы жұмыс өтіліңізге жинақ сомасына байланысты.

БЖЗҚ-дан тек төрт жағдайда ғана жинақ алуға болады:

• зейнеткерлік жасқа жеткен кезде;

• зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезінде;

• егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

• басқа елге тұрақты мекенжайға тұруға кеткен кезде.

Автор: Сауле Сарбасова

EL.KZ
Бөлісу: