Зерттеушілер ғажайып оқиғаның куәсі болды

Зерттеушілер ғажайып оқиғаның куәсі болды

Польшадағы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі «алтын пойызды» іздеумен айналысып жүрген бір топ зерттеуші оның бар екенін растайтын жаңа деректерге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Зерттеу тобының айтуынша, Төменгі Силезия аумағында жүргізілген георадарлық тексеріс жер астында ерекше аномалияны анықтаған. Мамандар оны жер асты туннелі мен бірнеше вагон ретінде түсіндіріп отыр.

Біз жасырып қойған теміржол туннелін және оның ішінде тұрған үш вагонды таптық, - делінген хабарламада.

Зерттеушілер алдағы уақытта орманды аймақта қосымша қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуды жоспарлап отыр.

«Алтын пойыз» - бұл екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған тұста нацистер елден ұрланған бағалы заттарды, алтын мен өнер туындыларын арнайы пойыздарға тиеп, жасырын түрде тасымалдаған. Немістердің бұл іс әрекетін кейбір тарихшылар жоққа шығарса, енді бірі бұл оқиғаны тарихтағы зерттелмей қалған ғажайып туынды деп есептейді.