17.01.2023
14:29
2580
Зеңбіректен 21 рет оқ атты: БАӘ президенті Тоқаевты ерекше қарсы алды

Зеңбіректен 21 рет оқ атты: БАӘ президенті Тоқаевты ерекше қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің «Әл-Уатан» сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды.

Қасым Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.