Зеленскийдің Украина президенті ретіндегі өкілеттік мерзімі аяқталды

20 Мамыр, 16:01 1923

Зеленскийдің Украина президенті ретіндегі өкілеттік мерзімі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ураинада президент сайлауы 31 наурызда өтуі керек болатын, алайда әскери жағдайға байланысты өткізілген жоқ. Украина Конституциясы мұндай жағдайда Мемлекет басшысын сайлауға тікелей тыйым салмайды, бірақ тыйым әскери жағдайдың құқықтық режимі туралы заңда қарастырылған.

Бұған дейін Зеленский сұхбатының бірінде президенттік сайлау соғыс аяқталғаннан кейін өтсе, екінші мерзімге сайлауға түскісі келмейтінін айтты.

Айта кетейік, былтыр Киевке барған америкалық республикашыл сенатор Линдси Грэм ел билігін 2024 жылдан кешіктірмей президенттік сайлау өткізуге шақырды.

45 жастағы Владимир Зеленский 2019 жылы Петр Порошенконың орнына Украина президенті болып сайланған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: