Өзбекстанда ШЫҰ Саммитінің шағын құрамдағы отырысы басталды

16 Қыркүйек 2022, 11:49 1233

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі Саммитінің шағын құрамдағы отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Айта кетсек, кеше кешке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келді.
Мемлекет басшысы Өзбекстанға сапары барысында Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін «Конгресс орталығына» келді.

Бөлісу: