ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ӨЗБЕК-ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

4 Ақпан 2019, 06:04 2144

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстандағы Жизақ облысы Мырзашөл ауданындағы өзбек-қазақ ұлттық мәдени орталығының қызметімен танысты.

Мырзашөлде тұратын отандастарымызға салт-дәстүрлерімізді сақтау және дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мәселен, мұнда Қазақ ұлттық театры ұйымдастырылған. Жақында театр ғимараты қайта жаңартылып, әдемі келбетке ие болды. Ұлттық музыка, би, ән, бейнелеу өнері үйірмелері жұмыс істейді.

Өзбек-қазақ ұлттық мәдени орталығының құрылуы – біздің халықтарымыз арасындағы достықтың кезекті көрінісі болды. Орталықта мәдени байланыстарды күшейтуге, жастарды интернационалдық достық рухында тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Президент театрды қалпына келтіру және өзбек-қазақ ұлттық мәдени орталығының ашылуы – бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті. Мекеме шығармашылық, ағартушылық ұйымдарды, зиялы қауым өкілдерін және жастарды игілікті мақсаттар аясында біріктіруі тиіс.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: