Өзбек мәдениетінің күні өтті

17 Мамыр 2018, 12:38 2002

17 мамырда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени, әдеби, рухани сабақтастығы аясында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Достықтың дархан ұясы» атты өзбек мәдениетінің күні өтті.

2018 жыл Қазақстанда Өзбек­стан жылы деп жарияланды. Бұл тура­лы өткен 2017 жылдың соңында Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан прези­денті Шавкат Мирзиеевпен Астана, Ташкент сапарлары кезінде болған шағын және ке­ңейтілген құрам­дағы келіс­сөздерден кейін мәлім­деген болатын.

«Өзбек халқы – біздің жақын көршіміз, Орталық Азиядағы үлкен мемлекеттердің бірі. Сондықтан Өз­бекстанмен байланыс біз үшін қашанда маңызды. 2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы және Қазақстанның Өзбекстандағы жылы деп жарияланады» деген Н.Назарбаев қос мемлекеттің арасындағы сауда айналымын арттыруға айрықша мән берді.

Іс-шараға Павлодар облысындағы өзбек этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты.  Шара қатысушылары бауырлас мемлекеттің мәдениеті, өнерімен таныстырады. Өзбек халқының әндері  мен билері көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар өзбек тілінде өлеңдер оқылып,

С. Торайғыров атындағы кітапхана қорынан алынған  тақырыптық кітап көрмесіне  библиографиялық шолу жасалды.

Бөлісу: