Өзбек этносының мәдени күні аталып өтті

14 Қараша 2019, 12:54 3111

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен және өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сыр елі - достық мекені» жобасы аясында Достық үйінде өзбек этносының мәдени күні аталып өтті.

Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, еңбек ардагерлері, студент жастар қатысты.


Этнос күні аясында Достық үйінің фойесінде өзбек этносының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін дәріптейтін тұрмыстық бұйымдары мен ұлттық нақыштағы киімдерінен көрме әзірленді.


Сонымен қатар, арнайы Шымкент қалалық өзбек драма театры өнерпаздарының мерекелік концерті ұсынылды. Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өзбек этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділерін Алғыс хатпен марапаттады. «Тарихы тамырлас екі халықтың достығы ежелден беріктігін бұзған емес. Бүгінгі мерекелік концертте біз өзбек ағайындарымыздың мәдениетінен сыр шертетін ұлттық нақыштағы қолөнер көрмесін тамашаладық. Өнерпаздардың өнеріне тәнті болдық. Осы сәтті пайдалана отырып, Қахар Алимұлы басқарып отырған облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне алғысымды білдіргім келеді», - деді Л.Төрешова құттықтау сөзінде.

Концертте Шымкент қаласынан келген өзбек этносының ән-би ұжымдары өнер көрсетіп, ұлттық аспаптарында түрлі композициялар орындады.

  

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Бөлісу: