29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҰҚК Шекара қызметінің ШҚО бойынша департаментіне қарасты Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасында жас сарбаздар әскери ант қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әрбір сарбаз үшін ерекше мәнге ие Отан алдындағы адалдық пен жауапкершіліктің нышаны болып саналатын маңызды сәтте
200-ден астам жас ел шекарасын күзетуге, бейбіт өмірді қорғауға және мемлекеттің тұтастығын сақтауға салтанатты түрде ант беріп, азаматтық өмірдің жаңа белесіне қадам басты.
Салтанатты іс-шараға қатысқан мәртебелі қонақтар қатарында Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ришат Рамазанов, Шекара басқармасының командирі, полковник Саметұлы Есім, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, сарбаздардың ата-аналары мен әскери қызметкерлер болды.
Бұл — ер жігіттің елге берген серті. Сендер – Тәуелсіздіктің тірегі, халқымыздың сенімісіңдер! Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқарып, аман-есен оралыңдар, – деп ақ тілегін жеткізді аудан әкімінің орынбасары Ришат Сағибекұлы.
Полковник Есім Ибраев жас сарбаздарға әскери тәртіп пен рух биіктігін, борышқа адалдықты басты ұстаным етуге шақырды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен аудан имамы сарбаздарға ақ баталарын беріп, амандық пен ел тыныштығын тіледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек