Зайсан ауданында көпбалалы отбасыларға баспана кілттері табысталды

3 Маусым, 07:37 485
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты Кеңсай ауылында ауыл тұрғындары қуанышқа кенелді. Көпбалалы отбасыларға баспана кілттері табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аудан әкімінің орынбасары Ришат Рамазанов жаңа қоныс иелерін құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Мұнан соң аудан әкімі атынан мердігер компанияға Алғыс хат пен баспаналы болған 4 отбасының балаларына сыйлықтар табыс етті.
Салтанатты шарада әжелер қауымы шашу шашып, баталарын берді. Жаңа баспаналардың лентасы қиылып, ресми түрде қолданысқа енгізілді.
Айта кетейік, бұл баспаналар «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. 
Зарина Арман
Бөлісу: