Зайнутдинов Түркия чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізді

4 Қыркүйек 2023, 10:01 1006

Ыстамбұлдың "Бешикташ" футбол клубы Түркия чемпионатының 4-турында "Сивасспор" командасымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 25-минутында "Бешикташтың" орталық қорғаушысы Омар Колли гол соқса, 40-минутта Милот Рашица есепті еселеді.

Қазақстандық жартылай қорғаушы матчқа 63-минутта шығып, кездесудің соңына дейін ойнады.

Қазақстан құрамасының футболшысы үшін бұл Түркия чемпионатындағы алғашқы ойын болды.

Айта кетейік, үш ойыннан кейін "Бешикташ" 7 ұпаймен түрік Суперлигасында 3-орында келеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: