03.08.2025
05:12
567
​​ Зайнутдинов Черчесов жайлы ойын ашық айтты

​​ Зайнутдинов Черчесов жайлы ойын ашық айтты

Қазақстан құрамасы мен жақында ғана мәскеулік «Динамо» сапын толықтырған Бахтиёр Зайнутдинов ресейлік маман Станислав Черчесовпен бірге жұмыс істегендегі әсерін бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Черчесовтің білікті жаттықтырушы екені ешкімге құпия емес деп ойлаймын. Тәртіпті жақсы көретін маман. Онымен бірге жұмыс істегеніме қуаныштымын, себебі ол Ресей құрамасымен үлкен жетістіктерге жеткен. Оны ұлы тұлға деп санаймын. Қысқа уақыт жұмыс істесек те, ол кісіге алғысым шексіз. Ол кісінің тәртіпті берік ұстанатыны ерекше ұнайды. Нағыз ер адамға тән мінезі бар, – деді Зайнутдинов Football24.ru сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Станислав Черчесов 2025 жылдың қаңтарында Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Оның жетекшілігімен құрама Ұлттар лигасында алты матч өткізді. Соның ішінде тек бір – Алматыда Норвегиямен өткен ойында ғана тең нәтиже көрсетті. Қазақстан құрамасы қалған кездесулердің барлығында жеңіліс тауып, өз қақпасына 15 гол жіберіп алды және бірде-бір гол соға алған жоқ.

Ал Зайнутдинов пен мәскеулік «Динамо» арасындағы келісімшарт 28 шілдеде жасалды. Шарт күші 2029 жылға дейін жарамды, әрі тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.