21.07.2023
21:10
1559
Зайнутдинов «Бешикташқа» ауыса ма? Футболшының өзі жауап берді

Зайнутдинов «Бешикташқа» ауыса ма? Футболшының өзі жауап берді

«Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» ауысуы мүмкін бе?» деген сауалға футболшының өзі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

– Қазір ақпарат көп. Ресми мәліметті күткеніміз дұрыс. Себебі мен өзім де әлі ештеңе білмеймін, күтіп жүрмін.

– Өзің «Бешикташқа» ауысқың келе ме?

– Айта алмаймын, ЦСКА-мен келісімшартым бар. Арманым – топ-5-те өнер көрсету. Түркия чемпионаты да осал емес. Ресей мен Түркия чемпионаттарының деңгейі бірдей. Санкцияға байланысты Түркиядан Еуропаға кету оңайырақ.

– Бір жыл бұрын «Аталантаның» шорт-парақшасына енгенің туралы айтылған. Бұл қаншалықты рас ақпарат?  

– Ресми оффер болған жоқ. Қызығушылық танытқанымен, келісім жүрген жоқ. Агент маған бәрін бірдей айта бермейді, көп мағлұматты біле бермеймін. Неше түрлі хабарламалар болды ғой.

– «Аталантадан» да келді ме?

– Иә, бірақ жеке менімен сөйлескен жоқ. Шомурадовтан ғана сұрастырған пекен. Италияда ойнаған дұрыс деп жатады. Маған келеді дейтіндер көп.

– Өзің Италияның қай клубына жанкүйер болдың?

– А сериясында маған «Рома» мен «Милан» ұнайтын, жалпы өзім «Барселонаның» жанкүйерімін.