Зайнутдинов ауысқалы «Бешикташ» үшінші бапкермен қош айтысты

22 Желтоқсан 2023, 18:42 1321

Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубы 60 жастағы түрік маманы Рызы Чалымбайдың бас бапкер қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Клуб Чалымбаймен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған, негізі келісім уақыты 2023 жылғы 27 желтоқсанға дейін жасалған болатын.

Мұндай шешімді «Бешикташ» басшылығы Түркия Суперлигасының 17-турында клубтың «Аланьяспордан» жеңілген соң қабылдаған.  

Рызы Чалымбай барлық турнирде 7 матчта бас бапкер ретінде қызмет атқарып, 3 рет жеңіске жетіп, 1 тең ойын көрсетіп және 3 рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, бұл клубта тамыздан бері қазақстандық Бахтиёр Зайнутдинов өнер көрсетеді.

Қазақстандық футболшы ауысқалы «Бешикташ» осымен үшінші бапкерін ауыстырды.

Ал Бахтиёр бұл клубта 19 матч өткізіп, бір гол соқты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: